Астана халықаралық университетінде «Əдеби əлемге саяхат» атты қызықты іс-шара «Орыс тілі мен əдебиеті» аптасында, ф.ғ.к., педагогикалық институттың профессоры Қожағұлова Ғ.Қ. басшылығымен өтті. Бұл əдеби саяхатты ұйымдастырушылар орыс тілі мен əдебиеті мамандығының 1 курс старосталары Ширимова Алена мен Алина Малика болды. Оқушылар екі тілде орыс жəне қазақ тілдерінде ұлы ақынжазушыларды əлемге танытты. Ф.Тютчев сөзінің күрделі сұлулығын «Орыс тілі мен əдебиеті» мамандығының 1 курс студенті Алина Қырықбаева «Өмір нені үйретеді» деген өлеңімен тамаша ашты. А.Островскийдің «Найзағайының» театрлық əлемін сахнада өрнектеген студенттер Айзере Шалқарқызы, Әскер Әмірлан, Алексей Пачковский, Кирилл Косимов, Ақбөбек Сəрсенбиева жəне Валерия Овсянникова көрермендерге ерекше əсер сыйлады. С.Есениннің, Е.Евтушенконың жəне В.Высоцкийдің жанын сахнада 1 курс студенттері Сабина Генахунова, Ксения Кравченко, Сəрсенбина Аяулым сезінді. Əдебиеттік оқудың əрбір сəті сезімге бөленіп, əдеби мұраны терең ұғынды. Театрландырылған қойылымдар, өлеңдер мен əңгімелер ұлы классиктерді өмірге əкеліп, баршаны сөз əлеміне қайталанбас саяхатқа шақырды.