ПРОФЕССОРДЫҢ АРНАЙЫ ДӘРІСІ

2023 ж. 25 қар., сб, 08:18

Астана халықаралық университетінің педагогикалық институтының студенттеріне арналған қонақтық лекция аясында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің педагогика кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Жиенбаева Сайра Нағашыбайқызы шақырылды.

Дәріс мектепке дейінгі білім беруді дамытудың өзекті мәселелеріне арналған. Дәріс барысында мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері, мектепке дейінгі тәрбие мәселелері, цифрлық әлеуметтендіру мәселелері талқыланды. Әңгіме барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарына жан-жақты жауап алып, оқытушы С.Н.Жиенбаева мен профессордың арнайы дәрісін ұйымдастырған АIU профессоры Жұмабаев З.Е. алғыстарын білдірді. 


713