ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ: ҒАЛЫМ – ОҚУШЫ

2023 ж. 24 қар., жм, 11:33

2023 жылдың 23 қарашасында «Физика-математика» бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің шақыртуымен қауымдастырылған профессор, PhD, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Нұркенов Серік Амангелдіұлымен  оқушылардың кездесуі өтті.

Ғалым кездесу барысында «Ядролық медицинаның физикалық принциптері» тақырыбында баяндама оқыды. Сонымен қатар Астана халықаралық университетінің базасында «Физика» білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау мәселелерін атап өтті. Жиынға 9-11 сыныптарынан 50-ден аса оқушы және пән мұғалімдері қатысты. Оқушылар физика мамандығына үлкен қызығушылық танытып, салаға қатысты сұрақтарына  жауап алды.


807