Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің студенттері қазір академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша "Познаньдағы Адам Мицкевич атындағы университетте (Польша) — Adam Mickiewicz University" университетінде білім алуда

2023 ж. 24 қар., жм, 06:21

Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің студенттері қазір академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша "Познаньдағы Адам Мицкевич атындағы университетте (Польша) — Adam Mickiewicz University" университетінде білім алуда. Университетте оқытудың негізгі бағыттары: гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, сондай-ақ өнермен байланысты ғылымдар. Жыл сайын барлық AIU білім беру бағдарламаларының студенттеріне осы университетте бір семестр ішінде оқуға мүмкіндік беріледі. Іріктеудің негізгі талаптары-GPA және ағылшын тілін білу. "Биология" мамандығының студенттері Аида Тенебек (2 курс) және Ислам Темиргалеев (4 курс) ең жақсы поляк университеттерінің бірінде оқуға мүмкіндік бергені үшін Астана халықаралық университетіне алғыс білдіреді.


935