Сенім мен өзара сыйластық қағидаттары негізінде ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ білім беру процесіне, ғылыми зерттеулерге жәрдемдесу және Құқық Жоғары мектебінің білім алушыларының тәжірибелік дағдыларын қолдану мақсатында ағымдағы жылдың 20 қарашасында Астана халықаралық университеті мен Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
Меморандумда Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінде Құқық Жоғары мектебінің білім алушыларының кәсіптік (оқу, оқу-таныстыру, өндірістік, диплом алдындағы, зерттеу) тәжірибелерін өткізу көзделген.
Бұдан бұрын Астана Халықаралық университеті Құқық Жоғары мектебі, Экономика жоғары мектебі және Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша бірлескен қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ магистрлік және PhD докторлық диссертацияларды жазуда бірлесіп басшылықты жүзеге асыру және консультациялар беру үшін Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің профессорлық-оқытушылық және әкімшілік білікті құрамын тарта отырып, теория мен тәжірибенің өзекті мәселелері бойынша бірлескен ғылыми және өзге де диссертациялық зерттеу жобаларын ұйымдастыру және жүргізу көзделген.
Кадрмен жұмыс департаментінің басшысы Нұрлан Қайыржанұлы Адалиев студенттерге Агенттік қызметінің ерекшелігі мен Мемлекет Басшысы қойған басым міндеттері туралы айтты.
Сонымен қатар, түлектерге мемлекеттік және құқық қорғау қызметінің артықшылықтары жайлы, жұмысқа орналасу тәртібі мен шарттары түсіндірілді.
Кездесу барысында студенттерге қаржылық пирамидалармен, ойынға тәуелділікпен (лудомания) байланысты алаяқтық әрекеттерден өздерін қорғау шаралары туралы дәріс оқылды.
Іс-шараға Құқық жоғары мектебінің деканы Хайрмұханмедов Нұрбек Исабайұлы деканның орынбасары Сеиллханов Жанат Дүйсенбайұлы, топ кураторы Жамбаев Ержан Сагынханович және Астана Халықаралық университетінің ҚЖМ, ЭЖМ және АТжИЖМ-нің 3,4 курс студенттері. қатысты.