Қонақ дәрісі аясында 16-қарашада Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Кертаева Ғалиябану Махметқызымен кездесу өтті. Ғалиябану Махметқызы бүгінгі таңда заманауи педагогикадағы ең өзекті тақырыптардың бірі болып табылатын «Деонтологиялық дайындық – жаңа буын педагогтерінің сапасы» атты баяндама жасады. Кездесу достық және жағымды атмосферада өтті. Студенттер дәріске белсенді қатысты, сұрақтар қойды, ұсынылған тақырыпқа үлкен қызығушылық танытты.