Астана халықаралық университетінің Педагогикалық Институты «Жастар арасында интернет алаяқтық, лудомания және есірткі-тасымалдау әрекеттерін ескерту және алдын алу» тақырыбында бірқатар қонақтық дәрістер өткізді

2023 ж. 14 қар., сс, 03:06

Қазіргі уақытта әлемде интернет-алаяқтық, ойын құмарлық және есірткі-тасымалдау әрекеттер тақырыбының өзектілігі күн сайын артып келеді, осыдан зардап шеккендердің осы тақырыптар турады хабарсыз болғандықтан және де сондай жағдайға тап болған кезде қалай жауап беру керектігін және не істеу керектігін білмейтін адамдар болып табылады. Осыған байланысты, 2023 жылғы 06-11 қараша аралығында Астана халықаралық университетінің Педагогикалық Институты «Жастар арасында интернет алаяқтық, лудомания және есірткі-тасымалдау әрекеттерін ескерту және алдын алу» тақырыбында бірқатар қонақтық дәрістер өткізді. Тікелей осы мәселелермен айналысатын және осы сұрақтар төңірегінде үлкен тәжірибелері бар Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері шақырылды. Педагогикалық институтта 19 қонақ дәріс сағаттары өткізілді, онда 182 студенттік топ, 2771 студенттер қатысты. Дәрістер өте қызықты өтті, студенттер көптеген сұрақтар қойып, кері байланысып отырды, оларға қонақтарымыз алаяқтармен, лудоман және т.б. проблемаларды болдырмау үшін толық жауаптар мен нұсқаулар берілді. Студенттер өмірлік маңызды білім алып, қонақтарымызды қуана қарсы алды.

С. Дюсупова


873