ҚҰҚЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ КОНКУРСҚА ҚАТЫСТЫ

2021 ж. 24 сәу., сб, 06:06

2021 жыл 23 сәуірде Астана Халықаралық университетінде «Ғылым және білім» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға өткізілді. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін жетілдіру мәселелері және осы бағыттағы халықаралық тәжірибе, жаратылыстану ғылымдары мен ақпараттық технологияларды дамытудың мәселелері мен болашағы, білім берудің заманауи мәселелері, экономикалық институттардың кәсіпкерлікті дамытудағы рөлі, қазіргі замандағы жаһандық және аймақтық тенденциялар мәселелері қарастырылды. Магистранттар мен студенттердің арасында конкурс ұйымдастырылып,  Құқық жоғары мектебінің аға оқытушысы Сеилханов Жанат Дүйсенбайұлының жетекшілігімен  I -орынды Шамшидинова Гүлнәз, II – орын Қажымұқан Алтынай жеңіп алды. 

Құқық жоғары мектебінің студенттерін құттықтаймыз!


1500