Астана халықаралық университетінің педагогикалық институтында «этнология» және «демография және халық статистикасы» пәндері бойынша қонақтық дәрістер өтті

2023 ж. 28 қаз., сб, 11:04

Астана халықаралық университетінің Педагогикалық институтында "этнология" және "демография мен халық статистикасы" пәндері бойынша Экономикалық зерттеулер институтының эксперті Ph.D Тулешова Ш.З. «Қазақстандағы демографиялық мәселелер: урбанизация» және Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының эксперті Mgr М.А.Сағынбаева А.З. «Қазақстанның этнодемографиялық дамуы: 2021 жылғы халық санағының қысқаша қорытындылары» атты дәрістер оқыды. 


Дәріс кезінде студенттер Қазақстанның этнодемографиялық жағдайы және урбанизацияның қауіп-қатерлері, шет елдердің тәжірибесі туралы біршама білім алып, қызықтыратын сұрақтарына толық жауаптарын алды.


Студенттер келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, ән арнады.


С.Дюсупова, Ph.D


882