2023 жылғы 26 қазанда Астана Халықаралық университетінің Құқық Жоғары мектебінің студенттері аға оқытушы Ж.Д. Сеилхановпен бірге Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотына барды, онда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша Р. деген айыпталушыға қатысты алқабилердің қатысуымен қылмыстық іс бойынша сот отырысы өткізілді.
Студенттер сондай-ақ Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Айжан Әділқызы Құлбаевамен кездесті. Оларға судьяның бай кәсіби тәжірибесінен нақты мысалдар келтіріліп, олар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.