«AIU BUSINESS INNOVATION» 2-ИНКУБАЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ДЕМО КҮНІ

2023 ж. 18 қаз., ср, 06:21

2023 жылдың 14 қазанында «NARI QazInnovations» АҚ қолдауымен Астана халықаралық университетінің бизнес-инкубаторында екінші Демо күні өтті. 24 команда өз жобаларын ұсынды. 6 апта бойына бизнеске ұмтылғандар түрлі шеберлік сабақтарына, кеңес беру кездесулеріне қатысты, сонымен қатар трекер диагностикасынан өтті.

Оқу қорытындысы бойынша командалар мобильді қосымшаларды әзірлеуден бастап құрылыс материалдарын өндіруге дейінгі жобаларының тұсаукесерлерін ұсынды. Инкубациялық бағдарламаға қатысушыларды қолдауға қонақтар мен инвесторлар келді: BGlobal Ventures бас директоры Әбсамет Абай, Astana Hub білім беру бағдарламаларының директоры Беймурзинов Дәулет, инвестициялық брокер, GoCrowd краудфандинг платформасының коммерциялық директоры Сүлейменов Әнуар, MedHouseKazakhstan ЖШС директоры Самат Исабаев «Тұрақты даму орталығы» ЖШС директорының орынбасары Пустовойтенко Виталий, «Заманауи қоғамды зерттеу институты» ЖШС директоры Қажыкен Мейрам Зекешұлы.

Іс-шараның қорытындысы бойынша ұмтылған кәсіпкерлерге инкубациялық бағдарламаны сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табыс етілді. Біздің түлектерге гранттық қаржыландыруға өтінім беруде сәттілік тілейміз!


1035