11 қазан 2023 жылы Астана халықаралық университетінің Педагогика институтының доценті, филология ғылымдарының кандидаты А.Б. Сейсекенова «Аbai ТV» телеарнасында «Шәкәрім философиясы» тақырыбындағы сұхбатқа қатысты.

2023 ж. 12 қаз., бс, 12:06

11 қазан 2023 жылы Астана халықаралық университетінің  Педагогика институтының доценті, филология ғылымдарының кандидаты А.Б. Сейсекенова «Аbai ТV» телеарнасында «Шәкәрім философиясы» тақырыбындағы сұхбатқа қатысты. Сұхбаттың негізгі тақырыбы Шәкәрім дүниетанымының, әсіресе оның «ар ілімінің» қазіргі жастарға берер тәлімі, адамзат және ұлт болашағы, жан мен тән, адамгершілік, құндылық мәдениет, иман түсініктеріне жауап іздеу төңірегінде өрбіді. 

Бұған дейін Сейсекенова Айнаш Байкенжеқызы Шәкәрімнің көркемдік танымына қатысты «Шәкәрім және Гете», «Шетел әдебиетінің тарихы», «Ар іліміне баспалдақ», «...Жарға ғашық болғаныма таңданатын түк те жоқ», «Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр» атты кітіптарды жарыққа шығарып, ҚР БҒМ-нің Ғылым комитетінің 2013-2015 жылдардағы гранттық қаржыландыруымен «Болашақ мамандардың Шәкәрімнің «ар ілімі» контексіндегі құндылық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» атты ғылыми жобаның ғылыми жетекшісі ретінде зерттеу еңбектерін орындаған.

https://youtu.be/seqlX0X8m6E?si=_dUCNkBfMpxSRCKQ


911