БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР БОРЧАШВИЛИ ИСИДОР ШАМИЛОВИЧ СТУДЕНТТЕРГЕ ҚР ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІНЕ ТҮСІНІДІРМЕСІН ТАБЫСТАДЫ

2023 ж. 12 қаз., бс, 11:50

2023 жылғы 11 қазанда Қазақстанның белгілі ғалымы, заң ғылымдарының докторы, Астана Халықаралық университетінің Құқық Жоғары мектебінің профессоры Борчашвили Исидор Шамилович «Құқық» мамандығы бойынша оқитын 2-курс студенттеріне авторлық 3 томдық «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне Түсіндірмесін» табыс етті.

Астана Халықаралық университетінің Бірінші вице-президенті Анар Базарқызы Мырзағалиева профессор И.Ш. Борчашвилиге берген оқулықтары үшін алғысын білдірді, сондай-ақ бұл іргелі жұмыс студенттерге «Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы» оқу пәнін толық меңгеруге және кейіннен жоғары білікті мамандарға айналуға көмектеседі деген үмітін білдірді.

Ғылыми еңбекті салтанатты түрде тапсыруға стратегиялық даму жөніндегі вице-президенті Қайрат Амангелдіұлы Әбдірахманов, Құқық Жоғары мектебінің деканы Нұрбек Исабайұлы Хайрмұханмедов, деканның орынбасары Жанат Дүйсенбайұлы Сеилханов, сондай-ақ Астана Халықаралық университетінің Құқық Жоғары мектебінің профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.


1215