Физика пәнінен қонақ дәрісі

2023 ж. 11 қаз., ср, 10:26

2023 жылдың 11 қазанында сағат 11:00-де AIU де «Ғалам» ЖШС ғарыштық технологиялар арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының жетекші инженері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қазбек Сүлейменұлы Бақтыбековтың дәрісі өтті. Тақырыбы: «Физик қалай ғарыш кемесінің инженері болды?». Дәріс барысында спикер синергетиканың, энтропияның, Белоусов-Жаботинский реакцияларының негізгі бағыттарын, синергетиканың экономикадағы, пәнаралық ғылымдардағы және т.б. әсерлерін жариялады. Ғарыштық физика саласында жүргізіліп жатқан зерттеулер мен әзірлемелер, сондай-ақ ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Физика мамандығының 3 курс студенттері Қ.Түгелбаева мен А.Берікбай электронның қозғалысы (есептер мен модельдер) және Ридберг тұрақтысын эксперименталды түрде анықтау бойынша зерттеулерін ұсынды. 4 курс студенті Жақан А. Молекулалардың таралу жылдамдығы туралы екі ғылыми баяндама, сонымен қатар стереотактикалық радиохирургия бойынша модельдермен таныстырды. Іс-шараға «Физика» және «Математика» білім беру бағдарламалары мен қызығушылық танытқан барлық курстардың студенттері қатысты. Жауапты «Физика» білім беру бағдарламасының жетекшісі, PhD, қауымдастырылған профессор Нуркенов С.А.


1013