Студентіміз XVII "ĞYLYM JÁNE BILIM - 2022" студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясында ІІ дәрежелі дипломға ие болды.

2022 ж. 13 сәу., ср, 07:03

2022 жылдың 12 сәуірінде Педагогикалық институттың «Физика» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Жақан Әміржан Қайыржанұлы "ĞYLYM JÁNE BILIM - 2022" студенттер мен жас ғалымдардың XVII Халықаралық ғылыми конференциясына қатысты. Конференция Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ физика-техникалық факультетінің базасында өтті.

Жақан Әміржан "Идеал газ молекулаларының әртүрлі температуралар кезінде жылдамдықтары бойынша таралу сипаты" тақырыбындағы баяндамасы үшін "Жалпы және теориялық физика" бөлімі бойынша ІІ дәрежелі дипломға ие болды. Ғылыми жетекшісі: қауымдастырылған профессор, PhD, Нуркенов Серик Амангельдинович. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


2160