2023 жылдың 30 қыркүйегінде «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша оқитын АИУ студенттері Назарбаев Университетінде Жоғары білім беру мектебінде өткен көптілді білім беру симпозиумында тамаша дағдылары мен инновациялық идеяларын көрсетті.

2023 ж. 4 қаз., ср, 04:28

2023 жылдың 30 қыркүйегінде Астана халықаралық университеті «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының студенттері Айым Үсенова, Дидар Молдажанов, Ариана Базылбекова, Адам Ишимғалиев, Амангелдіқызы Айбану, Мадина Бектұрсынова, Аяған Аяжан, Жарқын Сұңқар, университет оқытушысы Дина Малғаждарова Назарбаев Университеті Жоғары Білім Беру Мектебінде өткен Multilingual Education Symposium-де ерекше дағдылары мен инновациялық идеяларын көрсетті. Сонымен қатар, симпозиумға «Тіл, бірегейлік, инклюзия және идеологиялар» сессиясының модераторы ретінде факультеттің оқытушысы Әйгерім Қажығалиева да белсенді қатысты.

Көптілді білім беруге арналған бұл іс-шара білім беру саласындағы заманауи тақырыптар мен озық тәжірибелерді талқылау үшін студенттер, педагогтар және зерттеушілерді біріктірді. Астана халықаралық университетінің студенттері өздерінің ғылыми жобалары мен инновациялық идеяларын ұсыну арқылы симпозиумда белсенділік танытты.

Симпозиумға қатысқан профессорлар мен ғалымдар студенттерді көптілді білім беру саласына қосқан құнды үлестеріне тоқталып, олардың зерттеулері мен жобаларын заманауи білім беру тәжірибесін ілгерілету жолындағы маңызды қадамдар деп таниды.

Назарбаев Университетінде өткен Multilingual Education Symposium студенттердің ғылыми зерттеулерге белсенді қатысуының маңыздылығын және олардың білім мен ғылыми зерттеулерді ілгерілетуге елеулі үлес қосуын ерекше атап өтті.


1891