БІЗДІҢ СТУДЕНТТЕР «ШАРАПАТ» ҚАРТТАР ҮЙІНДЕ БОЛДЫ.

2023 ж. 3 қаз., сс, 04:50

28 қыркүйек 2023 жылы, Құқық Жоғары мектебінің студенттері декан орынбасары Ж.Д. Сеилхановтың, кураторлар Е.С. Жамбаев, А.К. Елубекованың жетекшілігімен «Шарапат» қарттар үйіне барды.

Іс-шараның мақсаты қазақстандық жастарды адамгершілік қасиеттер мен мейірімділікке тәрбиелеу болып табылады.

Студенттер концерттік бағдарлама дайындадап барды. «Шарапат» үйінің тұрғындары халық әндерін тыңдап, өздері ән айтып, би биледі.

Қарттар үйінің атмосферасы жастардың жүрегіне әсер етті. Студенттер аға буынмен тез тіл тапты: өздері туралы әңгімелеп, өткендегі қызықты оқиғаларды тыңдады. Сондай-ақ, балалар зейнеткерлердің демалыс орындары мен пансионат бөлмелерін аралап көрді. Студенттер қарттар үйінде осындай жылы атмосфера болғанын, олар үлкен, тату отбасына қонаққа барғандай сезінгенін атап өтті.

Құқық Жоғары мектебінің студенттері концерттік бағдарламамен және сыйлықтармен «Шарапат» үйінің тұрғындарын қуантты.

Біздің студенттер мұндай адамдарға тірі кезінде жанашырлық танытып, жанашырлық танытып, қолдау көрсету керек және олар сіздің ата-әжеңіз болмаса да, мейірімділік көрсету керек деген қорытындыға келді.


1995