МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ МУЗЕЙІНДЕГІ КӨШПЕЛІ ДӘРІС

2023 ж. 22 қыр., жм, 02:48

Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде Педагогикалық институт студенттері "Тарих" білім беру бағдарламасының жетекшісі Ш.Кауанова, т.ғ.к., қауым.профессор А.Тұяқовалардың бастамасымен Қарағанды қаласы маңында орналасқан Карлаг саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайына экскурсия жасады. Білім алушылардың тарихи танымын тәжірибеде ұштастыру мақсатында ұйымдастырылған көшпелі дәріс 50 студентті қамтыды. Дәріс барысында тарихшылар ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы сталиндік репрессиялық саясат, аштық, геноцид, депортация, мәжбүрлі еңбек лагерлері туралы жан-жақты білім алды. Қуғын-сүргін тарихына қатысты архив құжаттары, құнды жәдігерлер, танымдық экспонаттар азалы тарихтың мазмұнын ашып, студенттердің зұлматтық кезеңді сезінулеріне мүмкіндік бермейді. Қытай нақыл сөзінде: «旅行回来后,没有人会像以前一样» (Ешкім сапардан бұрынғыдай оралмайды) дейді. Көшпелі дәріс тарихшы студенттердің жаңарған кезеңге жаңаша көзқарасын қалыптастыруға оң әсерін тигізгені анық


1823