АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ БЕЛАРУСЬТЕ ДӘРІСТЕР КУРСЫМЕН

2023 ж. 25 қыр., дс, 02:42

Астана Халықаралық университетінің оқытушысы Р. В. Сысоева Минск қаласындағы Беларусь мемлекеттік экономикалық университетінің (БМЭУ) серіктес ЖОО - да дәріс курсымен барып келді. БМЭУ - экономика, қаржы-банк жүйесі, сауда, мемлекеттік басқару органдары және басқа да салаларда 165 мыңнан астам маман даярлаған Беларусьтің озық университеті.

Дәрістер Қазақстанның экономикалық және саяси дамуына және Қазақстан мен Беларусьтен басқа Ресей, Қырғызстан және Армения кіретін ЕАЭО елдерінің интеграциясы аясындағы жетістіктерге арналды. Сондай – ақ, Сысоева Ригина Минск диалогының іс-шараларына - кеңістіктегі зерттеушілердің сараптамалық алаңына қатысты.

Дәрістер Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім Комитетінің докторантурадан кейінгі зерттеулері шеңберінде ұйымдастырылды («Еуразиялық экономикалық одақ: өңірлік қауіпсіздік қоғамдастығын құру жолындағы жетістіктер мен кедергілер», ЖРН AP13268711).

Университетте кездесулер ұйымдастырғаны үшін БМЭУ-дегі әріптестерімізге (В. В. Мороз және т. б.) алғыс айтамыз.


1068