АРМАН АҚБЕРДИЕВТІҢ ШЕБЕРЛІК СЫНЫПТАРЫ AIU BUSINESS INNOVATION ИНКУБАЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА

2023 ж. 16 қыр., сб, 12:50

2023 жылдың 28 тамызы мен 10 қыркүйегі аралығында инкубациялық бағдарлама аясында спикер Арман Ақбердиевтің шеберлік сабақтары өтті. Екі инкубациялық бағдарламаның тыңдаушылары бизнестің аспектілерін зерттеді: бизнес-жобаны іске асыру кезеңін талдау, нарықты зерттеу және бағалау, жобаны монетизациялау модельдері, Сanvas бизнес-модель, клиенттерді зерттеу, өнімді нарықта жылжыту, команда құру және т. б.

Спикер Демо күннің демонстрациясына арналған жобаның презентация және питч сияқты аспектіге ерекше назар аударды. Мастер-класстар интерактивті форматта, инкубациялық бағдарламаға қатысушы - ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге арналған кейстер мен практикалық мысалдар мен ұсынымдар арқылы өтті.

Астана Халықаралық университетінің бизнес инкубаторы біздің жобаларымыздың ынтымақтастығы мен қолдауы үшін Арман Ақбердиевке алғыс білдіреді! Біздің қатысушыларымызға барлық алған білімдерін қолданып 30 қыркүйек пен 14 қазанда өтетін Демо-күндерде инновациялық жобаларды ұсынуға тілектеспіз!


1073