"Aiu BUSINESS INNOVATION" инкубациялық бағдарламасы шеңберінде "Ғылым қоры"АҚ гранттық қаржыландыру шарттарының тұсаукесері.

2023 ж. 14 қыр., бс, 11:57

2023 жылғы 13 қыркүйекте "AIU BUSINESS INNOVATION" инкубациялық бағдарламасы аясында гранттық қаржыландыру шарттарын түсіндіру бойынша сөз сөйлеу үшін "Ғылым қоры" АҚ жобалық менеджері, «Атамекен» ҰКП сертификатталған бизнес жаттықтырушысы Сәкен Сәбитұлы Қаженов шақырылды.

Шақырылған спикер инкубациялық бағдарламаның 1 және 2 - ші ағындарының командалары алдында сөз сөйледі. Тұсаукесер барысында конкурстық іріктеудің мақсаттары мен принциптері, өтініш берушіге және жобалық топқа қойылатын талаптар туралы ақпарат жеткізілді. Сөз соңында тыңдаушылар іріктеу конкурсына қатысу үшін құжаттарды тапсыру процесіне, сондай - ақ бизнес-жобаларды қаржыландырудың негізгі шарттарына қатысты сұрақтар қоя алды. 

Астана Халықаралық университетінің Бизнес-инкубаторы Қаженов Сәкенге ҚР Кәсіпкерлік экожүйесін дамытудағы және стартап-жобаларды қолдаудағы ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреді, сондай-ақ инкубациялық бағдарламаға қатысушыларға бизнес-идеяларды табысты іске асыруды тілейді.


1210