Халықаралық конференция

2023 ж. 11 қыр., дс, 12:34

Астана Халықаралық университетінің Заң жоғары мектебінің 2 курс докторанты С.Ғ. Кожахметова  2023 ж. 7 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты ұйымдастырған «Конституциялық Сот төрелігі: баршаға қадір-қасиет, бостандық пен әділдік» атты Халықаралық конференция жұмысына тыңдаушы ретінде қатысты.  

Іс шараға 30-дан аса шет елдің Конституциялық сотының судьялары мен омбудсмендері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының өкілдері, заң ғылымы салаларының ғалымдары қатысты. 

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мен Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 75-жылдығына арналған конференция өте жоғары кәсіби деңгейде өтті. Заңдылықтың сақталуына қатысты конституциялық бақылауды жүргізу және де адам құқықтарының қорғалуына байланысты өзекті мәселелер талқыланды.   

2023 ж. 8 қыркүйекте осы аталмыш конференцияның жалғасы ретінде, Астана Халықаралық қаржы орталығының дәріс залында ұйымдастырылған «ХХІ ғ. Конституциялық құқық: құқықтық мемлекет пен қауіпсіздік жолындағы заң үстемдігі мен адам құқықтарын қорғау» атты  Workshop I жұмысына 2 курс докторанты С.Ғ. Кожахметова қатысты.  Семинарға шетелдік қонақтар, профессорлар Папуашвили Георгий, Баселар Гувейя Хорхе, Маттиас Кнауфф және т.б. қатысты. Модератор ҚР КС судьясы А.Е. Жатқанбаеваның жетекшілігімен іс-шара өте мазмұнды әрі танымдық сипатта өтті.   

Мұндай іс шаралар жалпылық мақсат – адам құқықтары мен бостандықтарын халықаралық және ұлттық деңгейде қорғауға ықпал ететіні сөзсіз. 



2221