«QAZINNOVATIONS» ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ АГЕНТТІГІ ӨКІЛДЕРМЕН КЕЗДЕСУ

2023 ж. 22 там., сс, 12:52

«Aiu Business Innovation» алғашқы инкубациялық бағдарламасы аясында бірінші лектің тыңдаушылары алдында «Qazinnovations» АҚ орталығының директоры Бектенов Данияр сөз сөйледі.

Данияр инновациялық гранттар, экономиканың басым секторлары, гранттық қолдау алу шарттары, өтінімді қарау процесі қалай жүріп жатқаны туралы айтып берді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары қаралды. Бағдарлама тыңдаушылары инновациялық жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алды.


1786