Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің 6В05101 Биология білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Сайлаубекова Аружан Қуатқызы «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың IX Халықаралық ғылыми конференциясына қатысты

2022 ж. 11 сәу., дс, 06:53

2022 жылдың 6 сәуірінде Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің 6В05101 Биология білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Сайлаубекова Аружан Қуатқызы «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың IX Халықаралық ғылыми конференциясына қатысты. Конференция I Халықаралық Фараби форумы (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультеті) аясында өтті.

Сайлаубекова Аружан Қуатқызы Биологияның өзекті мәселелері және биоалуантурлілікті сактау секциясы бойынша «Prunus tenella Batsch тұқымдарының өсу ерекшеліктері» атты баяндамасы үшін үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекші: Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі деканының орынбасары – Оразов Айдын Ерғалиұлы.


1239