Экономика жоғары мектебінің жетекші профессорлар мен оқытушылар Виртуалды консультативтік кеңес базасында докторанттар мен магистранттарға ғылыми зерттеулердің пәндік ерекшеліктерін ескере отырып және ғылымның заманауи халықаралық стандарттарына сәйкес мақалалар жазу бойынша консультациялар өткізді. Оқу жылында келесі мәселелер қарастырылды: басылымға журналды таңдау критерийі,Web of Science және Scopus (Scopus) жариялау үшін журналды таңдау, қандай ғылыми журналға, қалай мақаланы тегін жариялауға болады, жарияланымның Web of Science Core Collection-да индекстерін қалай тексеруге болады және т.б.
Профессорлар Қажыкен М.З., Смагулова З.К., Лесбаева Г.Т., Аймурзина Б.Т., Рахимова С.А., доценттер Окутаева С.Т., Байбашева Г.К докторанттар, магистранттардың мақалаларың университеттің «International Sciences Reviews: Social Sciences series» ғылыми журналында, «AIU – 2023: Analyze. Innovate. Use» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатыстырып жетекшілік етеді. 7М04109 – «Стратегиялық басқару және көшбасшылық» (ЕМВА) бағыты бойынша магистрлік жобаларды іске асыру нәтижелері бойынша магистранттар Остащенко С.А., Цой В.В., Хасенов А., Омаров А. өндіріске нәтижелерді енгізу туралы акттарды алды.
Ғылыми ынтымақтастық аясында Астана халықаралық университеті және ЖШС «КазНИИ ЭАПК и РСТ» бірлескен ғылыми жобаларды жүргізу, ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға, презентацияларға, көрмелерге қатысу үшін меморандумға қол қойылды.