ЭЖМ НӘТИЖЕЛЕРІ: ПРАКТИКАҒА БАҒДАРЛЫ ОҚУ

2023 ж. 20 мау., сс, 08:38

Экономика жоғары мектебі кадрлардың кәсіби дайындығының жоғары деңгейі және тәжірибеге бағытталған білім беруді ұйымдастыру бағытында оқытылатын пәндер бойынша қонақтық дәрістер мен шеберлік сабақтарын үнемі ұйымдастырады. Қонақ лекциялар – спикерлер өздерінің құнды білімдерімен және бірегей тәжірибесімен бөлісетін, өздерінің сарапшылық саласы туралы әңгімелейтін, жаңа технологиялармен және қызықты бизнес-кейстермен бөлісетін бірегей алаң.


2022-2023 оқу жылының 2 семестрінде экономика жоғары мектебінде түрлі ұйымдар мен компаниялардың сарапшылармен кездесулер өтті. Мысалы, Тоқмағамбетов Қуаныш –сертификатталған кәсіби ішкі аудитор DipCPIА, Аматов Медер – халықаралық бизнес-тренер, Мыңгышпан Ерболат – «Өз шаңырағым» ипотекалық ұйымының бас директоры, Мусин Рустам – Қазақстан стандарттау және метрология институтының стратегиялық даму және ғылым бөлімінің басшысы, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, Баймәмиров Ерғали – әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының мүшесі және т.б.


Осындай кездесулерде мектептің студенттері, магистранттары мен докторанттары қажетті практикалық ақпаратты, кәсіби дағдылардың құпиялар, сәттілік тарихтарынан шабыт алып, өз мансабың дамыту үшін ең жақсы үлгілерді таңдайды.


1807