ЭКОНОМИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ СТУДЕНТТЕР ҒЫЛЫМИ ҮЙІРМЕСІ ТУРАЛЫ

2023 ж. 19 мау., дс, 06:35

Оқу жылы ішінде Экономика жоғары мектебінің ғылыми үйірмесінің жұмысы аясында студенттермен белсенді жұмыс жүргізілді. Студенттер үшін «Мақала жариялау: ғылыми жұмыстыйң қыр-сырлары» атты ғылыми семинар өткізілді. Алтай мемлекеттік техникалық университетінде «Экономикалық қауіпсіздік: мемлекет, аймақ, кәсіпорын» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ғылыми үйірмесі мүшелері Жалғасова Г., Фазилов Б., Қырықбай Н. қатысты. 2023 жылдың мамыр айында студенттік ғылыми үйірме мүшелері «XXIII Сәтбаев оқулары» халықаралық ғылыми конференциясына қатысты. Екінші жүлдені Жалғасова Гульназ алды.

«AIU – 2023: Analyze. Innovate. Use» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Ержан Асылым 2-дәрежелі дипломмен марапатталды. Жалғасова Гүлназ тәуелсіз мемлекеттер достастығы студенттеріне арналған халықаралық байқауда «Үздік студенті-2023» иегері атанды.

Ресей Федерациясының үкіметінің Қаржы университетінде өткен «Кәсіпкерлік генезисі: бастаудан бүгінге дейін», «Отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері» атты студенттердің халықаралық ғылыми жұмыстарының байқауына студенттер белсенді қатысты. Студенттер үш жүлделі орынға ие болды. Қорытынды кездесуде студенттермен бірлесе отырып, студенттік ғылыми үйірмесінің болашағы қарастырылды.



1740