Жоғары білім беру мектебінің оқытушысы Жұматова Нұршат Жұматқызының «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында психологиялық қызметті дамыту» атты республикалық форумға қатысуы.

2023 ж. 13 мау., сс, 03:27

2023 жылдың 30 мамырында жоғары оқу орнының оқытушысы, PhD докторанты, психология магистрі Жұматова Нұршат Жұматқызы «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында психологиялық қызметті дамыту» атты республикалық форумға қатысты. Алматыда қаласы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өтті.

Форумға Қазақстан Республикасының психологиялық қызмет және жоғары білім саласындағы 80-нен астам жетекші мамандары мен сарапшылары қатысты.

Іс-шара аясында PhD докторы, доцент Құсайынова Мәншүк Асқарқызы «Психологиялық қызметтің дамуы мен интеграциясының келешегі» тақырыбында тренинг сабағын өткізді, онда студент жастарды зерттеудің тәсілдері мен әдістері талқыланды. Тренингті аяқтаған соң Абай атындағы ҚазҰПУ әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Нұрланов Шыңғыс Нұрланұлы тренингке қатысушыларға сертификаттар табыс етті. 

Іс-шара еліміздің жоғары оқу орындарында психологиялық қызметті дамыту және нығайту туралы білім, тәжірибе және идеялар алмасу үшін бірегей алаң берді.

Республикалық форумды ұйымдастырушыларға, Абай атындағы ҚазҰПУ қызметкерлеріне ризашылығымды білдіре отырып, жоғары оқу орындарында психологиялық қызметті дамытудағы осындай іс-шаралардың маңыздылығын, тиімділігін және жемісті екенін атап өткіміз келеді.


1921