«Мен болашақ педагогпін - I want to become a teacher: Leading in Crisis, Reimagining the Future» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ⠀

2023 ж. 25 мам., бс, 13:57

Астана Халықаралық университетінде 2023 жылдың 1 сәуірінен 2023 жылдың 20 мамырына дейін 9-11 сынып оқушылары үшін «Мен болашақ педагогпін - I want to become a teacher: Leading in Crisis, Reimagining the Future» атты республикалық байқауы өткізілді.

⠀Байқау екі кезеңнен тұрды:

1) эссе жазу;

2) бейнероликтер презентациясы.

Байқаудың бірінші кезеңіне 72 қатысушы қатысты. 1-турдың қорытындысы бойынша екінші турға 19 қатысушы өтті.

⠀Конкурстың екінші турының қорытындысы бойынша Комиссия жеңімпаздарды анықтады (I, II және III орын):

1️ орын – Жұмаділлә Қажыакбар (10 сынып оқушысы, Түркістан облысы,Сауран ауданы, Шаға ауылдық округі, Қазақстанның 30 жылдығы ауылы, мектеп-лицей).⠀

2 орын - Әріпжан Дінмұхаммед (9 сынып оқушысы, «Мұхтар Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясы», Астана қаласы).

3️ орын- Жанибекова Адина (10 сынып оқушысы, №3 мектеп-гимназиясы, Кокшетау қаласы).

Біздің байқауға белсенді қатысқаны үшін қатысушыларға, ғылыми жетекшілерге және мектеп басшыларына алғыс айтамыз!



2592