2023 жылдың 28 сәуірінде академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде “Ботаника” пәні бойынша жоғарғы оқу орындары студенттері арасында Халықаралық олимпиада өтті.

2023 ж. 15 мам., дс, 12:45

2023 жылдың 28 сәуірінде академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде  “Ботаника” пәні бойынша жоғарғы оқу орындары студенттері арасында Халықаралық олимпиада өтті. Астана Халықаралық университетінен 6В01502-Биология мамандығының 3 курс студенті Жеңіс Арайлым және 6В05101-Биология мамандығының 2 курс студенті Насредин Алдина қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі - педагогика ғылымдарының магистрі Ниязбек Аруна Сейілбекқызы. Сондай-ақ 6В01502-Биология білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Қазанбаева А.А., Жүкен Ә.С., Нұрғазина А.Е., Асылбек Ә.М. "Үздік қолданбалы жұмыс"  үшін номинациясын алды. Ғылыми жетекшілері: PhD Жумагул М.Ж., п.ғ.м. Тустубаева Ш. Т.


1298