2023 жылдың 15 мамыр күні Астана халықаралық университеті мен "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" арасында ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасалды

2023 ж. 21 мам., жс, 14:44

2023 жылдың 15 мамыр күні Астана халықаралық университеті мен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК арасында ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасалды. Кәсіпорын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және орындау, азаматтардың өміріне және денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға құқығын іске асыру үшін тиісті саланың уәкілетті органының қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етумен айналысады.  


Келісім-шарт аясындағы алғашқы кездесуде тараптар Ақпараттық талдау орталығы базасында эколог-студенттердің өндірістік тәжірибесін өткізуге уағдаласты. Тәжірибе барысында Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің студенттері деректермен жұмыс істеу, атап айтсақ, экологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және талдау дағдыларын игеретін болады!


1316