«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» ОБ оқытушылары мен студенттері кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді

2023 ж. 5 мам., жм, 06:51

3 мамырда  «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының  оқытушылары З.Е.Жұмабаева,  А.К. Ахметжанова  және   осы мамандықтың  22-тобы («Техникалық және кәсіптікт білім беру»)   студенттері  Астана қ. №16 орта мектепте  кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.  Кәсіптік бағдар беру  барысында   тренинг;  жеңімпаздарға сертификаттар мен тәтті сыйлықтар табыстаумен «Сіз AIU  білесіз бе?» викторинасы;  университет туралы тұсаукесер; буклеттермен және прейскуранттармен жұмыс; М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңін оқу жұмыстары жүргізілді.


1493