Педагогикалық институт оқытушысы Сагимбаева Г.С. кітапхана қорын толықтыру, кітап мәртебесін көтеру мен жастарға кітап оқуды насихаттау мақсатында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясын ұсынып жеке кітапханасынан 70-ке жуық кітап тарту жасады.
Ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұра – кітап екендігін, өткеннің рухы, келешектің кілті, мәдениеттің биік шыңы да осы кітапта жатқандығын айта отырып, жастарды кітап оқуға, сол арқылы білімдерін жетілдіруге шақырамыз.
Бұл бастама әрі қарай жалғасын табады деген үміттеміз!!