2022 жылғы 20-24 маусым аралығында Экономика жоғары
мектебінде Нұр-Сұлтан және Жезқазған қалаларының 7-11 сынып оқушыларына
арналған Жазғы мектеп өтті. Интерактивті ойын форматында өткізілген тренинг
бағдарламасы жеке әлеуетті, болашақ мамандықты анықтауға, қарым-қатынас
дағдыларын, тайм-менеджментті, команда да жұмыс істеу дағдыларын, көпшілік
алдында сөйлеу, көшбасшылық және креативтілікті дамытуға бағытталған. Балалар
өте белсенді және позитивті болды, ал бағдарлама аяқталғаннан кейін өздерінің
креативті идеяларын ұсынды, әрі қарай жеке даму бойынша ұсыныстар алды. Жазғы
мектеп біздің оқушылар үшін қызықты және пайдалы болды деп үміттенеміз.