Математикадан Республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы

2023 ж. 28 сәу., жм, 11:02

Астана халықаралық университетінің «6В01506 математика» білім беру бағдарламасы бойынша 3-4 курс студенттерінен құралған команда 2023 жылдың 18-23 сәуір аралығында Сүлейман Демирел атындағы университетте өткен математикадан XV Республикалық пәндік олимпиадаға қатысты. Команда мүшелері: Тұрсынов Шухрат, Адал Сындар, Теміршортова Назерке. Ұжымның жалпы жетекшісі – доцент Жаныс Арай Бошанқызы.

Олимпиадаға 16 команда қатысты. Жалпы командалық есепте университетіміз 5-орынға ие болса, жеке біріншілікте 4-курс студенті Тұрсынов Шухрат, доцент Анияров Альмир Асқарұлы жүлделі 3-орынға ие болды.


2134