AIU командасы жеңіс тұғырынан көрінді.

2023 ж. 28 сәу., жм, 10:06

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен XV Республикалық олимпиада аясында (командалық есепте) AIU командасы физика пәнінен 1 орынды иеленді. 

Жеңімпаздар: Жақан Әміржан (3 курс), Байбосынов Өмір (1 курс) және Сауранбай Ерсұлтан (1 курс). 

Ғылыми жетекшісі: қауымдастырылған профессор, PhD Нұркенов Серік Амангелдіұлы.

Олимпиада 2023 жылдың 24-25 сәуірінде академик Е.А. Бөкетов атындағы университетінде  ұйымдастырылды.

AIU университеті олимпиаданы ұйымдастырушыларға атқарылған үлкен жұмыс үшін алғысын білдіреді және барлық қатысушыларға толағай табыстар тілейді.



2369