«Интернет-алаяқтық саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жасөспірімдерге нашақорлықтың алдын алу» тақырыбындағы кездесу.

2023 ж. 19 сәу., ср, 12:38

2023 жылдың 18 сәуірінде Астана Халықаралық университетінің барлық студенттері үшін Құқық Жоғары мектебі ҚР ІІМ Тергеу департаментінің өкілімен кездесу өткізді.

Дәрісті ҚР ІІМ Тергеу басқармасы бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ержан Аманұлы Құрақбаев оқыды.

Кездесу интернет-алаяқтық саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жасөспірімдерге нашақорлықтың алдын алуға арналды.

Лектор интернет-алаяқтықтың әртүрлі түрлері туралы, сондай-ақ дене функцияларының орны толмас бұзылуына ғана емес, сонымен қатар ауыр психикалық бұзылуларға, мидың зақымдалуына әкелетін заттарды қолданудың ауыр зардаптары туралы айтты.

Кездесу барысында ҚР ІІМ Тергеу басқармасы бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ержан Аманұлы синтетикалық есірткіні қолданудың алдын алу полицияның, денсаулық сақтау және білім беру органдарының тығыз өзара іс-қимылында жүргізіліп жатқанын атап өтті, сондай-ақ студенттерге ҚР Қылмыстық заңнамасында көзделген есірткі құралдарын қолдану мен таратудың салдары туралы айтып берді. Сондай-ақ, студенттерге оларды есірткінің заңсыз айналымына тартудың құқықтық салдарын түсіндірді. Студенттерге бейнероликтер көрсетілді.

Аталған іс-шараға құқық Жоғары мектебінің деканы Н.И.Хайрмұханмедов, Астана Халықаралық университеті заң клиникасының жетекшісі Ж.Д. Сеилханов, ҚЖМ кураторлары А.К. Елубекова, Н. А. Ибраева қатысты.


2774