"Транстелеком" АҚ Бизнес-талдаушысы, техника ғылымдарының магистрі Каирбаев Темірлан Бейсенбайұлы «Бизнес-аналитика дегеніміз не? Бизнесті талдау негіздері» тақырыбында қонақ дәріс өткізді.

2023 ж. 14 ақп., сс, 09:04

10.02.2023 ж. Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің студенттері үшін "Транстелеком" АҚ бизнес-аналитигі Каирбаев Темірлан Бейсенбайұлының қатысуымен «Бизнес-аналитика дегеніміз не? Бизнесті талдау негіздері»  қонақ дәріс ұйымдастырылды.


Дәріс барысында Бизнес-аналитика ұғымдары қарастырылып, барлық компанияларда бизнес-талдау құрылымы, сондай-ақ өндіріс мысалында басқару функционалдары мен бизнес-аналитика көрсетілді.

Спикер тыңдаушылардың көптеген сұрақтарына толық жауап берді, білім алушылармен бизнес-талдау және бизнес-аналитика жүргізу саласындағы өзінің практикалық тәжірибесімен бөлісті. Дәріс «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының студенттері үшін өте пайдалы болды. Осы бағыттағы дәрістер студенттерге болашақ кәсіби қызметін құру және түсіну кезінде өте пайдалы.


1330