Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің студенті Бақытнұр Шуақ Huawei компаниясы ұйымдастырған "Seeds for the Future" бағдарламасының жеңімпазы.

2022 ж. 17 қар., бс, 04:18

"Seeds for the Future" - бұл Huawei компаниясының ICT бойынша тәжірибе алмасуға және білімін кеңейтуге, сондай-ақ жергілікті таланттарды шабыттандыруға және салаға деген қызығушылықты арттыруға және цифрлық қоғамдастыққа қатысуға бағытталған жаһандық оқыту бағдарламасы. Бүгінгі таңда "Seeds for the Future" бағдарламасына әлемнің 137 елінің 500 университетінен өкілдер қатысты. Осы шараға университетіміздің Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің студенті Бақытнұр Шуақ қатысып, ерекше қабілетімен танылып, жеңімпаз атанды. 

2022 жылғы "Seeds for the future" бағдарламасы жергілікті және халықаралық сарапшылардың қатысуымен онлайн режимінде жүргізілді. Қазақстан университеттері арасынан STEM-мамандығында оқитын 30 студент таңдалып, бұл бағдарламаға қатысты. Студенттер 5G, жасанды интеллект және бұлттық технологиялар туралы білім мен инновациялық жетістіктер бағытында Huawei-дың iLearning жүйесінде бір апталық онлайн курсынан өтті.

Бағдарламаның ең соңғы кезеңінде студенттерге Tech4Good байқауы ұйымдастырылды. Бұл жастарға цифрландырудың соңғы тенденциялары туралы білуге және цифрлық технологияның жалпы әлеуметтік мәселелерді қалай шеше алатынын зерттеуге көмектесетін байқау. Байқауда Қазақстан командасы еліміздегі технологиялық кемшіліктерді жою мәселесін қарастырды. 



1995