АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРІ

2022 ж. 19 ақп., сб, 16:41
2022 жылы Астана халықаралық университетінің «Әлеуметтік кәсіпкерлік» бағыты бойынша алғашқы магистрлер бітіреді. Бұл бағдарлама университеттің серіктесі «Green TAL» әлеуметтік шеберханасының жетекшісі Эмин Аскеровпен бірлесіп жүзеге асырылуда. Алғашқы түлектер әлеуметтік бизнес саласындағы білім мазмұнын меңгеріп қана қоймай, әлеуметтік шеберханада өндірістік тәжірибеден өтті, мүмкіндігі шектеулі жандарды қалай оқытып, жұмыс орнымен қалай қамтамасыз ету мәселелерін зерттеді. Қазіргі кезде магистранттар диссертацияларын қорытындылап, аяқтауда. Зерттеу тақырыптары әлеуметтік бизнеске, әлеуметтік жауапкершілікке және қоғамның өзекті мәселелерін шешуге қатысты. «Әлеуметтік кәсіпкерлік» бағыты бойынша білім алу және кәсіби бағыт бойынша тәжірибиеден өту әлеуметтік кәсіпкерліктің қыр-сырын түсінуге, халықтың әлеуметтік өмірін және әлеуметтік кәсіпорынды басқаруды тереңірек зерттеуге мүмкіндік берді. «Әлеуметтік кәсіпкерлік» білім бағдарламасының 2 курс магистранттары, ЭЖМ деканы, э.ғ.к., доцент, PhD Смагулова З.Қ.

1922