SOCIAL INNOVATION LABORATORY ЖҰМЫСЫНЫҢ АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2023 ж. 1 ақп., ср, 09:54

"Green Tal" ЖШС мен Экономика жоғары мектебі арасындағы меморандум аясында 2022 жылдың қыркүйегінде Social innovation laboratory ашылды. 

Зертхананың мақсаты студенттік қоғамдастықты әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне тарту болып табылады. 

Қыркүйектен желтоқсанға дейін Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерліктің негізін қалаушы Эмин Әскеровпен, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әлеуметтік кәсіпкер, компанияның негізін қалаушымен "BioPack.kz" Мирас Аббасовпен қонақ дәрістер өткізілді, 1 курс студенттеріне арналған әлеуметтік жобалар тақырыбындағы интерактив өтті, Америка елшілігінің Alumni Grants program байқауына қатысты, ҚР БҒМ МФ "Халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмысқа орналастыру әдістемесін әзірлеу және сынақтан өткізу" тақырыбында өтінім берілді. Барлық тілек білдірушілерді әлеуметтік кәсіпкерлік жөніндегі іс-шараларға шақырамыз.


1814