ЭКОНОМИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ "ENTREPRENEURIAL MEETUP" ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

2023 ж. 31 қаң., сс, 11:00

Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша "Kemel Kasipker" бизнес-кейстерінің шешімі бойынша республикалық чемпионатта Экономика жоғары мектебінің студенттері Алматы қаласындағы AlmaU университетінің базасында "Entrepreneurial MeetUp" іс-шарасына қатысты.

2023 жылғы 20-22 қаңтар аралығында студенттер өздерінің кәсіпкерлік дағдыларын белсенді түрде жетілдірді, start up жобалары туралы оқыды және психологиялық тренингтерден өтті. Әрбір қатысушы спикерлер мен қонақтарға өзіне қызықтырған сұрағын қоя алды, студенттер алған білімдерін Университеттің бизнес-инкубаторында пайдалануды жоспарлап отыр.


1032