Университеттің жеке үлгідегі диплом формасы



Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың бланкілері мен қосымшалары мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде толтырылады.

Бланкілер мен оларға қосымшалар қорғаныш дәрежелері бар (су белгілері бар) арнайы қағазға басылады.

Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мынадай сериялары бар:

  • бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы диплом – BD;
  • біліктілік берілген жоғары білім туралы диплом – BQ;
  • магистр дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом – MD;
  • іскерлік әкімшілік жүргізу магистрі дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом – МВА;
  • іскерлік әкімшілік жүргізу докторы дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом – DВA;
  • магистр дипломына куәлік – СMD;
  • педагогикалық қайта даярлау туралы сертификат – СРR;
  • философия докторы (PhD) дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом – PhD;
  • бейіні бойынша доктор дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом – PD.