Зия Гөкалыптың 150 жылдығына орай халықаралық ғылыми конференция өтті




































Астана халықаралық университеті мен Астана қаласындағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен «Зия Гөкалып – түрік ойшылы, әлеуметтанушы, ақын және жазушы» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Көрнекті ойшыл, әлеуметтанушы әрі ақын Зия Гөкалыптың туғанына 150 жыл толуына орай ұйымдастырылған алқалы жиынның ашылу салтанатында Астана қаласындағы Юнус Эмре орталығының координаторы м.а., PhD докторы Гүлмира Ешманова, Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігің өкілдері және Астана халықаралық университеті, Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Саят Ыбырай құттықтау сөз сөйледі. Сөз барысында Түркиядан арнайы келген құрметті қонақ, Нигде Өмер Халисдемир университетінің профессоры Мехмет Екизге және іс-шараны бірлесіп ұйымдастырған Юнус Эмре институтына ерекше алғысын білдіріп, AIU-да түркітану бағытында жүйелі ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Пленарлық отырыс барысында Қазақстан мен Түркияның жетекші ғалымдары мазмұнды баяндамалар жасады:
1. Prof. Dr. Mehmet Ekiz (Нигде Өмер Халисдемир университеті) – «Ziya Gökalp'ın Sanat ve Kültür Anlayışı»
2. Талғат Молдабай (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ доценті, PhD) – «Зия Көкалп тұлғасы»
3. Doç. Dr. Erhan Akdağ (Афьон Коджатепе университеті) – «Türk Çocuğunun Rehberi: Ziya Gökalp ve Altın Işık»
4. Гүлбахром Жиембаева (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ доценті, PhD) – «Көкалптың "Түрікшілдіктің негіздері" еңбегіндегі ұлттық сана мен түркілік бірегейлік»
5. Жарас Ахан (Астана халықаралық университетінің қауымдастырылған профессоры м.а., PhD) – «Зия Гөкалыптің ұлттық социология түсінігі және түрік қоғамы»
Іс-шара соңында қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, ғалымдар мен жас зерттеушілер арасында еркін пікір алмасу жалғасты. Бұл басқосу бауырлас екі елдің академиялық байланысын нығайтып, түркітану саласындағы жаңа ғылыми бастамаларға жол ашты.
Бөлісу:
Фотогалерея














