«Цифрлық трансформациялар әлеміндегі филология» халықаралық ғылыми веб-конференциясы басталды





















Бүгін Астана халықаралық университетінде «Цифрлық трансформациялар әлеміндегі филология» тақырыбындағы халықаралық ғылыми веб-конференцияның ашылуы өтті.
Конференцияға Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей, Түркия және басқа елдердің ғалымдары, оқытушылары, зерттеушілері мен білім алушылары қатысты.
Конференцияның мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының X құрылтайында айтқан бастамаларын жүзеге асыру. Президент мемлекеттік тілді меңгеруге мүмкіндік беретін озық әдістер мен цифрлық оқу құралдарын әзірлеу қажет екенін айтып, бұл жұмысқа лингвистер мен ақпараттық технологиялар саласының мамандарын тартуды ұсынған.
Конференцияның ашылуында Астана халықаралық университетінің ректоры, биология ғылымдарының докторы, халықаралық ұйымдастыру комитетінің төрағасы, профессор Анар Мырзағалиева сөз сөйледі. Ол цифрлық технологиялардың филология ғылымы мен білім беру үдерісіне тигізетін әсеріне тоқталып, халықаралық ғылыми байланысты дамытудың маңызын айтты.
Ғылыми жиынның ұйымдастырушылары – Астана халықаралық университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Баку славян университеті және Термез мемлекеттік университеті өкілдері.
Халықаралық конференцияда ғалымдар цифрлық кеңістіктегі тіл мен әдебиеттің дамуын және ЖИ-ді филологиялық зерттеулерге енгізу мәселелері талқыланады. Сондай- ақ медиадискурсты, электрондық білім беру ресурстарын және әдебиетті оқытудың жаңа әдістерін қарастыру жоспарланған.
Бөлісу:
Фотогалерея









