AIU-да түркиялық профессор Мехмет Четин қонақ дәрісін өткізді





















Бүгін Астана халықаралық университетінде Түркияның Ондокуз Майыс университетінің профессоры, доктор Мехмет Четинмен (Mehmet Çetin) кездесу өтті. Іс-шараны AIU Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі ұйымдастырды.
Кездесу аясында профессор «Экология, тұрақты қалалар және ландшафтық жоспарлау» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді. Оған университеттің студенттері, магистранттары, докторанттары және профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Дәріс барысында қалалардың тұрақты дамуы, урбандалу үдерісінің қоршаған ортаға әсері және экологиялық қауіпсіз ортаны қалыптастыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар профессор ландшафтық жоспарлаудың заманауи тәсілдеріне тоқталды.
Қонақ дәрісі білім алушылардың экология және қала құрылысы саласындағы білімін арттырып, халықаралық ғылыми тәжірибемен танысуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ іс-шара AIU мен Ондокуз Майыс университеті арасындағы академиялық байланысты және ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.
Бөлісу:
Фотогалерея








