«Әділет» партиясы сайлауалды штаб командасына алғыс хаттар табыстады









Бүгін Астанада «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штаб командасын марапаттау рәсімі өтті. Жиында партия төрағасы Айбек Дәдебай Астана Халықаралық университетінің ректоры Анар Мырзағалиеваға Құрылтай депутаттарын сайлау науқанына үлес қосқаны үшін ризашылығын білдіріп, арнайы алғыс хат табыстады.
Салтанатты шара барысында сайлау науқаны кезінде еңбек еткен кандидаттарға, штаб қызметкерлеріне, сенімді өкілдерге, бақылаушыларға, заңгерлерге, сарапшыларға, еріктілер мен белсенділерге алғыс айтылды. Сонымен қатар, еріктілер қызметін атқарған университетіміздің студенттері Имантаева Наргиз, Казенов Куаныш, Хаидаров Нуртанат алғыс хатпен марапатталды. Партия төрағасы Айбек Дәдебай олардың еңбегін жоғары бағалап, оқуларына сәттілік тіледі.
Астана Халықаралық университеті өкілдері маңызды іс-шараларға әрдайым қол ұшын созып, қоғамның дамуына өз үлесін қосып келеді. Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны барысында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына қатысып, ұйымдастырушылық қызметтерді жауапкершілікпен атқарды. Мұндай игі бастамаларға белсене атсалысу университетіміз үшін өте маңызды міндет саналады.
Бөлісу:
Фотогалерея





