AIU-да тұрақты даму мақсаты аясында география апталығы өткізілді
























2-6 желтоқсан аралығында AIU-да тұрақты даму мақсатының қағидаттарын іске асыруға арналған география апталығығы өткен болатын. Іс-шара студенттердің география саласындағы кәсіби білімі мен дағдыларын дамытуға, тұрақты дамудың жаһандық сын-қатерлері туралы білімдерін арттыруға, топтық өзара әрекеттестікті нығайтуға, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілік пен салауатты өмір салты құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған.
● ТДМ 4: Сапалы білім
Студенттер спутниктік картаны пайдалана отырып квестке қатысты, семинар-тренингке және де "Зияткерлік дода" интелектуалды ойынына қатысты. Бұл іс-шаралар білім деңгейін арттыруға, практикалық дағдыларды дамытуға және география саласындағы білімді кеңейтуге ықпал етті.
● ТДМ 3: Жақсы денсаулық пен әл-ауқат
Апта аясында салауатты өмір салты бойынша семинар-тренинг өтті, сондай-ақ студенттер арасында шағын футбол бойынша турнир ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралар студенттерді белсенді және салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыра отырып, денсаулық пен әл-ауқаттың маңыздылығына назар аударды.
● ТДМ 10: Теңсіздікті азайту
Ұйымдастырылған жәрмеңкеден түскен қаржыны студенттер, қарттар үйіне тапсырды. Бұл іс-шара әлеуметтік және экономикалық теңсіздікті төмендетуге ықпал ете отырып, халықтың осал топтарын қолдауға қосқан үлесін көрсетті.
● ТДМ 11: Тұрақты қалалар мен елді мекендер
Спутниктік картаны пайдаланып квест жүргізу карографиялау, бағыт-бағдарларды зерттеу және аумақтарды тұрақты жоспарлау дағдыларын дамытты, бұл да осы мақсаттың міндеттеріне жауап береді.
География апталығының іс-шаралары білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және тұрақты дамуды қамтитын пәнаралық тәсілдің мысалы болды. Студенттердің осындай бастамаларға қатысуы олардың жан-жақты дамуына және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі рөлін түсінуге ықпал етеді.
Бөлісу:
Фотогалерея










