Хакатондағы Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің студенттерінің қатысуы









2024 жылдың 15-16 сәуір күндері Maqsut Narikbayev University-де «TRAVEL Hack-2024: Transformative Routes, Adventure, Vision, Exploration and Legacy» іс-шарасы өтті, оған Қазақстанның барлық қалаларынан 100-ден астам студент қатысты.
Екі күн бойы олар инновациялық идеялар мен ішкі туризм саласындағы өзекті мәселелердің шешімін іздеу үшін түрлі жобалар ұсынып, қорғап шықты. Жалпы жүлде қоры 1 600 000 теңгені құрады.
Университетіміздің келесі студенттері аталмыш іс-шараға қатысты, «Tourguide» мобилдік қосымшасын ұсынды.
1. Бейбітұлы Мәди - 2 курс, ЕТБҚ -22 А
2. Қызайнбек Ай-Керім - 2 курс, ЕТБҚ -22 А
3. Айдарбек Арман - 2 курс, ЕТБҚ -22 А
4. Ережеп Бекарыс - 2 курс, ЕТБҚ -22 А
5. Ильясов Нұрислам - 2 курс, ЕТБҚ -22 А
6. Мухамбетжан Әбілғазы - 2 курс, ЕТБҚ -22 А
7. Әлібай Айдана - 1 курс, АЖ-23 А
8. Тойлыгулыева Жансая - 1 курс, АЖ-23 А
9. Бейсен Таңырыс - 3 курс, DE-21 А
10. Баймуханбетова Анель - 3 курс, DE-21 А
11. Суйинханов Ондасын - 3 курс, DE-21 А
12. Тулепбергенов Нургиса Муканович - 2 курс, ЕТБҚ -22 А ТжПБ
13. Биржанулы Есейхан - 2 курс, ЕТБҚ -22 А ТжПБ
Хакатонға қатысу - бұл студенттеріміздің дағдылары мен білімін көрсету мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар технология саласындағы кәсіби өсуге ықпал ететін құнды тәжірибе. Біз студенттерімізді олардың еңбекқорлығы, өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысы және оқуға деген адалдығы үшін мақтан тұтамыз.
Бөлісу:
Фотогалерея





