AIU-да неміс профессор Павел Тарасов қонақ дәрісін өткізді



























3 қарашада Астана халықаралық университетінде Германияның Freie Universität Berlin профессоры, доктор Павел Тарасовтың қонақ дәрісі өтті.
Павел Тарасов – палеоботаника, палеоэкология және палеоклиматология салаларындағы халықаралық деңгейде танылған ғалым. Ол – 240-тан астам ғылыми жарияланым мен бірлескен жаряланымдардың авторы. Оның ғылыми еңбектері Nature Ecology & Evolution, Science Advances, Quaternary Science Reviews, Global and Planetary Change сияқты беделді халықаралық журналдарда жарияланған. Ғалымның зерттеулері палинологиялық деректер негізінде Еуразияның өсімдіктер жамылғысы мен климатын қайта қалпына келтіруге, соның ішінде Қазақстан аумағындағы ежелгі табиғи-климаттық өзгерістерді зерттеуге бағытталған.
Профессор Астана халықаралық университеті профессор-оқытушылар құрамы мен студенттеріне «Learning from the Past» (Өткеннен сабақ алу) тақырыбында дәріс өткізді. Қонақ дәрісі өсімдіктер жамылғысы мен климат өзгерістерін зерттеуге, сондай-ақ палеоэкологиялық зерттеулердің маңызына арналды.
Мұндай іс-шара халықаралық ғылыми тәжірибе алмасуға, академиялық байланыстарды нығайтуға және бірлескен ғылыми зерттеулерді дамытуға мүмкіндік береді. Астана халықаралық университеті ұжымы профессор Павел Тарасовқа ғылыми тәжірибесін бөліскені үшін және халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.
Бөлісу:
Фотогалерея










